Насыбай зияны

Сатушылар насыбайды темекімен күрестің зиянсыз құралы ретінде көрсеткісі келеді, бірақ шын мәнінде бұл жай ғана жарнамалық әдіс. Расында бұл зат табактан, яғни темекіден бірнеше есе қауіпті: күшті тәуелділікті тудырады және қатерлі ісік сияқты созылмалы ауруларға апарып соқтырады. Насыбай несімен соншалық қауіпті және ағзаға қандай әсері бар?

Насыбай зияны

Құраманың негізгі ингредиенті – табак болғандықтан, зат организмге қиратарлық соққы беріп, зор зиянын тигізеді. Бір айта кетерлігі, өкпе темекіден көп зардап шегетін болса, насыбайды тұтынғаннан кейін негізгі зиянды асқазан-ішек жолы және аузының шырышты қабығына тигізеді.

 

Қоспаның бір ғана дозасы бір ғана емес, бірнеше темекі құрамындағы табак көлемінен тұрады, осылайша насыбай адам ағзасына әлдеқайда қауіпті әсер етеді. Бұл сатушылардың сендіретініндей емес, никотинге тәуелділікті жеңуге ешқандай көмектеспейді, онымен қоймай көптеген жанама қауіптерге әкеліп соғады.

Қоспа құрамында, көбінесе түйе немесе тауықтың қиы болатындықтан, нашақорлар ішек инфекцияларымен жиі ауырады немесе паразиттерді жұқтырады. Осыған ұқсас көп жағдайларда вирусты гепатиттер күш алып кетеді.

Сөндірілген әк сұйықтық күйінде ауыз қуысының шырышты қабығын күйдіреді, ал асқазанға түссе, оның қабығын жарақаттай бастайды. Насыбайды ұзақ тұтынған сайын ойық жаралар пайда болады.

насыбай зияны

Темекі шегу сияқты, насыбайды қолданғанда, никотин тістерге теріс әсер етеді. Ішектің және ауыздың қатерлі ісігі қаупін жоғарылайды. Тек темекі шегу кезінде жоғарыда көрсетілген барлық теріс процестер баяу жүреді. Мұның бәрін назарға ала отырып, насыбайдың шылым шегуден бас тартуға көмектесетін құрал ретіндегі пайдасы күмән тудырады.

Қысқа мерзімді әсерлері

Насыбайды тұтынған адамдар өздерінің шектеулі уақыттағы сезімдерін осылай сипаттайды:

-Ауыз қуысының шырышты қабығының қатты күйдірілуі.

-Бастағы және бүкіл денедегі ауырлық.

-Бұлшық еттердегі релаксация, яғни босаңсу.

-Апатия.

-Сілекейдің тым көп бөлінуі.

-Жағымсыз дәм мен иіс.

Кейбіреулер бұл эффектілер бұрыннан темекі шегетін адамдарға онша әсер етпейтінін айтады. Мұны никотинге сезімталдықты төмендеуі деп түсіндіруге болады, бұл ағзаның қабылдау мөлшеріне байланысты артады.

насыбай сасық

Насыбайды ұзақ мерзім қолданған адам қоспаның жағымсыз дәмі мен иісін сезінбейді. Сонымен қатар, ауыздағы күйдіру сезімі жоғалады. Дегенмен, бұл уақытта ауыздан шыққан сасық иіс айналасындағыларға анық байқала бастайды.

Ағзаға әсері

Дозаның құрамы мен көлеміне қарай, насыбай қанда әртүрлі мөлшердегі уақытта болады. Дегенмен, қандай жағдайда болмасын, бұл зат ағзаның дұрыс қызмет жасауына аса теріс әсер етеді.

Никотин барлық қан тамырларының тарылуына әкеледі, бұл миға, жүрекке және басқа да өмірлік органдарға қан беруді нашарлатады. Олар оттегін қабылдамайды, сондықтан олар өз функцияларын қалыпты орындауға қабілетсіз бола бастайды. Сонымен қатар, қан тамырлары жұқара бастайды, нәтижесінде бұл құбылыс өз кезегінде инсульттің пайда болу қаупін жоғарылатады, яғни бұл факт осы заттың, яғни насыбайдың ағзаға қандай зиян тигізетіні туралы мәселеге тағы бір жауап болып табылады.

насыбай зияны

Жануарлардың феактілері (қалдықтары) түрлі инфекциялар мен паразиттермен жұқтыру қаупін арттырады. Сонымен қатар, кез-келген бағбан кез келген тауық қиының өсімдіктің күйіп қалуына себеп болатындығын растай алады. Әсіресе нәзік келетін асқазанның шырышты қабаты мұндай агрессивті әсерге төтеп бере алмайды, сондықтан тәуелді адамдарда ішек жарасы пайда бола бастайды.

Салдары

Насыбайды ұзағынан қолданғану мынадай ауруларға әкеледі:

-Тілдің, еріннің, жақ қуысының ісігі (рак).

-Тістің бұзылуы.

-Психикалық ауытқулар.

-Ішкі ағзалардың аурулары.

-Бедеулік.

Насыбайға психотроптық заттарды қосу психикалық бұзылуларға және жеке бастағы өзгерістерге апарады. Адамның есте сақтау қабілеті нашарлайды, үнемі шала ессіз күйде жүреді. Насыбайдың құрамындағы ауыр металдар бауыр мен бүйрекке зиянын тигізеді.

насыбай тастама

Бұдан басқа, насыбай бедеулікті тудырады – бұл факт Қырғызстанның Ұлттық Ғылым Академиясының ғалымдарымен дәлелденген. 50 ер адамға жүргізілген зерттеу нәтижесінде бұл зат сперматозоидтардың өз мөлшерінде бөлуінуіне кедергі келтіретінін анықталды. Мұндай жағдайларда репродуктивтік функцияның бұзылуы қайтымсыз процесс болып табылады. Қауіптілігі де осында – бұл насыбайды алғашқы қабылдағаннан кейінде пайда болуы мүмкін.

1 thought on “Насыбай зияны”

Leave a Comment