Көптеген жігіттерді өздерінің жақсы көретін қызды қалай ұмытуға мәселесі қызықтырады. Негізінде, қыздар көбінесе біржақты сезімге – махаббатқа тап болады және жігітті бірден ұмыта қоймайды.
Мен бұндай жағдаймен екі рет кездестім, біріншісінде қатты қорықтым, ол кезде өте қатты қобалжыған едім, бірақ мен оны өз өмірімнен аулақтата алдым. Ал екінші жағдайда жеңілірек болды, өйткені не істеу керектігін білдім. Қызықтыра алдым ба? Бастайық.
Қызды қалай ұмытуға болады? Бұл – бәрінің соңы.
Қызға деген сүйіспеншілікті тоқтату үшін, бәрі аяқталғанын түсінуіңіз керек. Ол сізден ештеңе күтпейді және оны түзете алмайсыз. Мүлде. Ол сізді ұнатпайды. Сіз оған қажет емессіз. Ол қызды қалай ұмытуға болады? Сүйіктіңізбен кездесудің жолын іздеуді тоқтатыңыз. Оны қаншалықты көп жолықтырған сайын соншалықты жаның ауыратын болады. Сен өзіңді ештеңе күтіп тұрмағанын және артық күлімсіреу мен жаңылысып айтылған бірнеше сөздің сенің тарапыңнан басқаша қабылданып, артық үміттеніп қалатыныңды түсінуің керек. Ешқандай үміттенудің керегі жоқ. Тірі адам тіршілігін жасайды.
Телефонды алып, қоңырау шалуға немесе желіде отырып жазуға қанша мүмкіндігіңіз болса да бұлай жасамағаныңыз жөн. Маған сен, бұл оны одан сайын қобалжытып, екіойлы күйге түсіреді. Өз еркіңді басқар, шыда! Намысыңды түсірме! Ар-намысы мен ерік-жігері тасыған еркек емеспісің?!
Оны өз өміріңде жоқ деп сана.
Қыздың баруы мүмкін орындарға жоламауға тырыс. Әрине, егер бірге оқып немесе жұмыс жасайтын болсаңдар, бұлай істеу қиынға соғады. Бұндай жағдайда онымен сөйлеспе және жанына жақындамағаның жөн. Осылау жасау керек. Жұрт айтса – айта берсін. Ауыз не айтпайды?!
Егер сүйіктіңді бірдеңе қайта-қайта есіңе түсіре берсе – тез арада ол заттан құтыл. Біреуге бер немесе сыйлап жібер. Оны ойға салатын бүкіл әндерді өшіріп таста. Несіне қиналасың? Екеулеріңнің бүкіл әңгімелерің мен жазбаларыңды да жоғалт, оны оқи берудің керегі жоқ. Оған қатыстылардың бәрін тап және олардан арыл!
Кемшілік ізде.
Қанша қарапайым тәсіл болғанымен – жарамды әрі сенімді. Сенің достарың мен жақындарың ол жайлы не айтса да рас болуы мүмкін. Өз айналаңдағылардан өзің ұнатқан қыздың кемшін тұстары жайлы сұрастыр.
Бұдан кейін дұрыстап ойлан. Таза парақ ал да, оны сызықпен екі бөлікке бөл. Бірінші жартысына оны барлық артықшылықтарын тізіп шық: әдемі шаштары, қалыпты фигурасы, әзілқойлығы және т.с.с. Екіншісіне де дәл осылай жаса, бірақ керісінше – барлық кемшіліктерін жаз: темекі шегетіні, құрбыларының алдында абыройының төмендігі, ақымақ әрекеттері, қызғаншақтығы, талап қойғыштығы, инстаграмға «кіріп кеткендігі», жүйкесінің жұқарғаны, т.с.с. Жасырмай барлық шындықты жаз, себебі бұл парақты сенен басқа ешкім оқымайды. Бәрін ойша таразылап болған соң қағазды өрте, жыртып таста немесе лақтырып жібер.
Ең маңызды жайт, адам, көп жағдайда, өзгермейді, тек нашарлай бастайды. Менің тәжірибеме сен. Егер жүйкесі жұқарса, ертеңгі күні ол ылғи миыңды ашытып, әрдайым ештеңеге көңілі толмайтын боларды. Егер қызғаншақ болса, ертеңгі күні себепсіз айқай-шу шығарады. Барлығы сен ойлағаннан көрі басқаша. Адамға басқа көзбен қараудың бұл тәсілі көп жағдайда өз нәтижесін береді.
Осыған ұқсас жұмыстар жасап болған соң, оған қайта баға бересің – мінсіз адам болмайтындығына көз жеткізесің. Бірден жек көріп кетпейсің, әрине, бірақ бастамасы жаман емес. Ары қарай кеттік.
Өзің өзгер
Қызды қалай ұмытуға болады десен – өзіңді ретке келтір, киім сатып ал, шашыңды қысқарт, бетіңдегі безеулерді кетір, спортпен шұғылдан. Бос уақытың мүлде болмасын. Гитара ойнап, төбелесіп үйрен, шынығу залдарына немесе басқа да курстарға жазыл.
Сен қазіргіден де жақсы болуың керек. Бұндай жағдай қайталанбасын. Ең басы қазір сол қызды қалай ұмытуға болады? Мұның бәрі қарапайым өмір сабағы, сен одан тек «+5» деген баға алуың қажет. Кейін оған рахмет айтасың. Бірақ мұның бәрін қыз үшін жасама. Ол саған қайтып келуі үшін бұндай қадамға барудың қажеті жоқ. Кететін адам кетті – ендігі оны қайтара алмайсың. Өзіңді өзің бағала және барлық жағдайды өзің үшін ғана жаса. Сенің өмірің тек қана бір қыздан тұрмайды.